Таразда ер адамның өлі денесі табылды
Тараз тұрғыны мейрамхана жанынан 27 жастағы жігіттің мәйітін тапты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адамның денесі 30 тамыз сағат 05:15-те табылды. Мәйітті көрген Ақбұлақ шағын ауданының тұрғыны бірден полицияға хабар берді.
Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанды. Полиция ауыр қылмысқа не себеп болғанын анықтап жатыр.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтады.
Қазір күдіктіні ұстау шаралары қабылдануда. Барлық қажетті сот сараптамасы тағайындалды.
Аталған факті Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.