Әлеуметтік әріптестікті дамыту

Oinet.kz 28-08-2020 673

Әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік саяси тұрақтылықты сақтау, ұжымдық еңбек дауларын болдырмау, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының және әлеуметтік қорғалуын сақтау, қоғамдағы еңбек қатынастарын реттеудің негізгі ұйытқысы қашанда кәсіподақ екені белгілі. 

5d0b58d4-4116-41b8-9ae6-e5ce72b8f5ff.jpg

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің қызметі кәсіподақтарды біріктіру мен нығайуға бағытталған. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 1 миллион 42 мың 218 адам тұрады. Оның еңбекке жарамдысы 430,5 мың.  Жұмыспен қамтылғаны – 408,6 мың. Қаладағы 427 бастауыш кәсіподақ ұйымында 34 209 кәсіподақ мүшесі бар. Олар 4 салалық кәсіподақтар бірлестіктері құрамында жұмыс жасайды. Шаһарда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын   реттеу бойынша Шымкент қаласы әкімдігі, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Жұмыс берушілер конфедерациясы арасындағы үшжақты келісім аясында тұрақты жұмыс жасалуда. Оның отырысында еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек, ұжымдық шарт жасасу бойынша, өндірістік жазатайым оқиғалар және жалақы қарыздары орын алған кәсіпорындар, мекемелер басшыларының қатысуымен қарап, олардың жауапкершілігін арттыру жұмыстары және алдын алу шаралары тұрақты негізде күн тәртібіне сәйкес жоспарлы жүргізілуде. Мәселен, үшжақты комиссияның 2020 жылы 18 тамызда өткен отырысында қаламыздағы 6 кәсіпорында 3,8 миллион теңге жалақы қарызы қалғаны анықталып, жалақы қарызы анықталған және жазатайым оқиғалар орын алған мекеме басшылары тыңдалды. Өндіріс орындарында жарақат алып, көз жұмғандардың саны азайғанымен, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі қалалық әкімдік, Жұмыс берушілер конфедерациясы мен кәсіподақтар арасында жасалған келісім-шарт аясында қолға алынатыны айтылды. Үшжақты келісімге сәйкес, тараптар «Еңбек» бағдарламасын бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты. Ортақ мақсат – жұмысшылардың жағдайын барынша жақсартып, әлеуметтік қолдау білдіру. 

Кәсіподақтардың рөлі мен қызметі – еңбек қатынастарын реттеу кезінде айрықша көрініс табады. Қолданыстағы Еңбек кодексінде көптеген еңбек қатынастары жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өзара келісу және ымыраға келу арқылы шешілуі қарастырылған және бұл келісім мекеменің, кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында белгіленеді. Жалпы ұжымдық шарттарда жұмыскерлердің мүдделері мен құқықтары, жұмыс берушінің міндеттері айқындалады. 

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Серік Әуесханов

42 500+21 250 теңгені алудың соңғы мүмкіндігі
Кішкентай қыз батпырауықпен бірге аспанға ұшып кетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу