«Мектептен берілген компьютерді бұзып алса ақшасын төлейді» - Аймағамбетов

Oinet.kz 28-08-2020 2920

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқу үшін мектептен берілген компьютерді бұзып алған жағдайда оның ақшасын төлеуіңіз ғажап еместігін ескертті. Бұл туралы Аstanatv.kz хабарлады. 

image.png

Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бірақ тиісті техникамен қамтамасыз етілмеген оқушылар әлі де бар. Білім және ғылым министрі 1-ші қыркүйекке дейін компьютерлерді үлестіріп үлгеретіндеріне сенімді. Бірақ, құрылғы бұзылған жағдайда құнын кім өтейтінін жауап берді.

– Заңнамаға сәйкес іске асырылатын болады. Бізде мемлекеттік мүлік туралы заң бар, азаматтық кодекс. Осы заңның 72-ші, 76-шы баптары осы мәселені қадағалайды. Сондықтан бұл заң шеңберінде шешіледі, – деді Асхат Аймағамбетов.

Заңгердің айтуынша, уақытша техниканы бұзып алған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс.

– Істен шығарған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс. Ерікті түрде не сот арқылы мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылатын болады, – деді Жандос Тұяқов.

Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі ол мектептегі кезекші сыныптар. Қазір бұл жаңашылдыққа 500 мыңнан аса ата-ана өтініш берген.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова оқушылар не ұстаздар арасында коронавирус жұқтырғандар табылса, мектеп жұмысы тоқтатылатынын ескерті.

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті
Екі мешітті өртеп, 51 адамды өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу