Бекшин халыққа ескерту жасады

Oinet.kz 28-08-2020 1259

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин митингіге шығатын белсенділерге ескерту жасады. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

– Соңғы кезде әлеуметтік желелірде митингтер мен көпшілік шараларға үндейтін ақпараттар таралып жүр. Бас мемлекеттік санитардың 14 тамыздағы №47 қаулысы бойынша көп адам шоғырланатын шараларға әлі тыйым салынған, – деп атап өтті Бекшин.

Ол өз сөзінде митингті ұйымдастырушылар заң алдында жауап беретінін баса айтты.

– Халықтың көп жиналуына үндеуді қою қажет. Онымен адамдарға қауіп төндіресіздер. Қатаң карантиндік шаралардың арқасында қаладағы эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Алайда нормалар сақталмаса, жағдай тағы қиындап кетуі әбден мүмкін, – деді бас мемлекеттік санитар дәрігері.

«Интернеті жоқ студенттер жатақханада жатып оқиды» - Білім министрі
Елбасы Тоқаевпен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу