Тоқаев жазушы Мархабат Байғұтты құттықтады

Oinet.kz 25-08-2020 832

image.png

Түркістан төрінде «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясы болып өтті.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушы Мархабат Байғұтқа жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
-- Құрметті Мархабат Байғұтұлы!
Сіз қазақ әдебиетінің дамуы мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан қазақтың қабырғалы жазушыларының бірісіз. Сіздің қаламгерлік қарымыңыз бен қайталанбас шығармаларыңыз қазақ халқының ұлттық мінезі мен болмысын, әлеуметтік жан тебіренісін дәл бейнелеуімен ерекше. «Дауыстың түсі», «Серт пен сенім» сияқты прозалық жинақтарыңызды, әлем әдебиетінен жасаған сәтті аудармаларыңызды көпшілік жылы қабылдағанын білемін.
75 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен сізді шын жүректен құттықтаймын! Ұлттың руханияты үшін талмай еңбектеніп, әлі де талай өлмес туынды жазарыңызға сенемін. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін
,--делінген құттықтау хатта.
Сондай-ақ, 75 жылдық мерейтойға орай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің де құттықтау хаты оқылды

Дархан Мыңбай: Түркістанның келбеті ғана емес, рухани санамыз да жаңғыруы тиіс
Еңбек адамына – ерекше құрмет!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу