Алматы облысында итті қорлаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео)

Oinet.kz 20-08-2020 1058

Әлеуметтік желіде итті жүк көлігінің артына байлап, сүйреген жүргізушінің әрекеті тарап, көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.image.png

Видео Instagram-дағы kris_p_issyk тобында жарық көрді. Кадрдан жүргізушінің жүк көлігімен итті сүйреп бара жатқанын көруге болады. Қазақпарат таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға бүгін Құлжа тас жолының бойында орын алған. Видеоны куәгерлердің бірі камеранасына түсіріп алыпты. 

Қазір 37 жастағы тұрғынның үстінен 316-бабы "Жануарларға қатыгездік жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Қолға түскен ер адамның сөзінше, ол қоқыс тасумен айналысады екен. Иттің өлексесін көрген соң көлік жүргізуші оны адамдар жоқ жерге апарып тастағысы келген екен. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған азамат Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны екенін хабардар етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кто его знает? "Объясните" ему, что так делать нельзя.

Публикация от Иссык | Енбекшиказахский район (@kris_p_issyk)

«Ресейлік вакцина қазақстандықтарға қолданыла ма?» - Цой жауап берді
Танымал оппозиционер уланып, комаға түсті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу