Мүслім Оңдағановтың үйінде ұсталған сәтінің видеосы тарады (видео)

Oinet.kz 20-08-2020 1016

Адвокат Абзал Құспан Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағановтың өз үйінде ұсталған сәтіне куә болды. Ол экс-шенеуніктің заң аясында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- "Мүслім Оңдағанов заттарын жинап, түзету мекемесіне қайта баруға дайындалып жатқан. Осыған қарамастан, жасақ қызметкерлері есікті сындырып, үйге бас көктеп кіріп, оның жанұясын, сонымен қатар 64 жастағы зейнеткер үлкен ағасын жерге жатқызып, басына автомат тақады. Олар болып жатқан оқиғадан қорқып, жылаған кішкентай балаларға да аяушылық білдірмеді. Осы жағдайдан кейін кейбір заттар сынды, ал кейбіреулері мүлде жоғалып кетті", - деп арызданды Абзал Құспан. 

Сонымен қатар адвокат 135 миллион теңге келтірілген шығынның 51 миллион теңгесін төлегенін атап өтті. 

- "Залалдың жалпы сомасының төленбеген бөлігі 67 миллион теңге емес, одан әлдеқайда аз. Мен ұсынған және іс материалдарында сотталған басқа адамдарға, Бекарыстанов пен Жетпісовке қатысты қаулы бар, олар келтірілген залалдың бір бөлігін төлеп, шартты түрде босатылған. Сондай-ақ, ай сайын олардың жалақысының бір бөлігін сот орындаушылары ұстап қалады", - деп түсіндірді адвокат Абзал Құспан. 

Қазақстанда 17 тамыздан бастап той жасауға рұқсат етіле ме?
Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу