Лукашенко Беларусь халқына маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 17-08-2020 1022

Беларусь президенті Александр Лукашенко елде қайтадан президенттік сайлау болмайтынын баса айтты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған. 

image.png

Лукашенко бұл мәлімдемесін Минск дөңгелекті трактор зауытына сапары кезінде жасады. 

"Мені қысымның астында бірдеңе жасайды деп үміттенбеңдер, ол (басқа сайлау) болмайды", – деді мемлекет басшысы. 

Айтуынша, олай болған жағдайда, жарты жылдың ішінде елдегі МЗКТ, МАЗ және БЕЛАЗ сынды зауыттардың көзі жойылады. Бұған дейін Александр Лукашенконың Минск дөңгелекті трактор зауытына тікұшақпен барғанын хабарлағанбыз. Қазіргі уақытта ел бойынша барлық зауыт жұмысшылары ереуілге шығуда. Беларусь астанасында орналасқан басқа да зауыттардың жұмысшылары Минск дөңгелекті трактор зауытына жиналып жатқаны белгілі болды. Ірі зауыттар, кен орындарының қызметкерлері мен медицина мамандары жұмыстарын тастап, ел бойынша өтіп жатқан ереуілдерге қатысуда. 

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды. 

Сондай-ақ 15 тамызда жоғары лауазымды шенеуніктер мен Лукашенконың қатысуымен арнайы жиын өткен. Оның барысында Лукашенко Беларусьтегі митингтерге сыртқы күштердің әсер еткенін мәлімдеді. 

​Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті
Қазақстанның мектептерінде жаңа пән енгізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу