Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай орын алып, 4 жасар қыз зардап шекті

Oinet.kz 17-08-2020 1197

4 жасар қызды футбол қақпасы басып қалды. Оқиға елорданың спорт алаңдарының бірінде болды. Металл құрылым бекітілмеген екен. Бұл туралы Oinet.kz сайты "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

news_full1597646231171756f15621262607ed229849f7759a.jpg

"Балалар ойнап жүрді, қарасақ қақпа жерде жатыр екен. Біздің қыздар жүгіріп барды. Ол өрмелегісі немесе басқа нәрсе істегісі келгенде, қақпа оған қарай құлаған. Жамбас сүйектерінің жабық сынуы болған. Ұйықтап жатыр, қорқып қалған", - деді жәбірленушінің туысы Әйгерім. 

Алаңда болған жағдай туралы ПИК қызметкерлері арна тілшілерінен естіген.

"Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде мердігер ұйым жұмысын сапасыз істеген болар. Мен бұл қақпалардың жатқанын көргенде істі қарау үшін әкімдікке жібергем. Көмек сұрағанмын. Кешке қарай барғанымда, жасөспірім балалар көтеріп, футбол ойнағанын көрдім", - деді ПИК төрағасы Тамила Зунзяк.

Арна тілшілері келген соң қақпа мықтап бекітіліпті.

Бұл қақпаның адамдардың үстіне құлаған алғашқы жағдайы емес. Былтыр Түркістан облысында болған ұқсас оқиға өліммен аяқталды. Темір қақпа оқушының үстіне құлап, ол ауруханада көз жұмған.

Айсұлтан Назарбаевтың қарындасы Венера Әлиева туралы не білеміз? (фото)
​Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу