Нұрәлі Әлиев інісінің сирек фотоларын жариялады
Марқұм Айсұлтан Назарбаевтың ағасы Нұрәлі Әлиев отбасылық сирек фотоларымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәлі Әлиев марқұм болған бауыры Айсұлтан Назарбаевтың сирек суреттерін жариялады. Мұрағаттағы суреттерде Дариға Назарбаеваны, әжесі Сара Назарбаеваны, қарындасы Венераны және әйелі Әлиманы да кездестіреміз.
"Қымбатты бауырым, қазіргі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Саған айтқым келген көп нәрсе айтылмады. Сен менің есімде мәңгі қаласың, мен сені әрдайым жақсы көремін", - деп жазды Нұрәлі Әлиев видеодағы жазбада.
Видеода әйгілі The Weeknd тобының "Final Lullaby" (Соңғы бесік жыры) әні шырқалады.