Бақытты Айсұлтан: Нұрәлі Әлиев інісіне арналған видео жариялады

Oinet.kz 17-08-2020 5933

Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Әлиев көз жұмған бауыры Айсұлтан Назарбаевқа арнап видео жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

news_full1597647728fc6711a6df86609ac592936f956acca8.jpg

"Қымбатты бауырым, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менімен бірге қаласың. Сені үнемі жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Нұрәли Әлиев.

Instagram желісіне салынған видеоның сілтемесін Нұрәлі Әлиев Facebook парақшасында жариялады. Видеода Айсұлтан Назарбаев суреттері мен отбасылық фотолар жинақталған. Канадалық әнші The Weeknd-тің "Final Lullaby" ("Соңғы бесік жыры") әні ойнайды.

Нұрәлі Әлиев бейнежазба астына адамдардың барлығының баратын жері бір екенін жазды.

Еске сала кетейік, 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша 30 жастағы Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған. 

Ұлттық банк инвестициялық монеталар шығарды (фото)
Нұрәлі Әлиев інісінің сирек фотоларын жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу