Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін ұсынды

Oinet.kz 14-08-2020 784

Әр түрлі елдердің ғалымдары коронавирустық пневмонияны сәулелік терапия арқылы емдеуді ұсынды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

news_full15973918641aaefa8d444bc65780cf90e0683a9925.jpg

Канададағы Джек Ади онкологиялық орталығының медициналық физика бөлімінің ғалымдары рентген сәулелерінің төмен дозаларының пневмониядан болатын өлім-жітімді орташа есеппен 20 пайызға төмендету мүмкіндігі туралы хабарлады. Сонымен қатар, бұрын жануарларға жүргізілген сынақтар пневмонияның ерте кезеңі екі есе қысқаруы мүмкін екенін көрсетті.

"Пневмония инфекцияға иммундық жауап ретінде пайда болады, альвеолалар қабынып, сұйықтық шығарады, газ алмасу функциясын бұзады. Вирустық инфекция кезінде қабынуға қарсы цитокиндер мен химокиндерді синтездеу үшін иммундық жасушалар басталады. Жинақталған деректер радиацияның төмен дозаларынан туындаған қабынуға қарсы әсерін көрсетеді", - делінген мақалада.

Бұл әдіс АҚШ-та коронавируспен ауыратын он науқаста сыналған. Тәжірибелік ем алған науқастар бақылау тобындағы 12 күнмен салыстырғанда үш күнде сауығып кетті. Ауруханадан шығару уақыты 12 күнге дейін қысқарды, салыстыру тобында пациенттер 20-шы күні шығарылды.

Алайда, сарапшылар мұндай емдеудің елеулі жанама әсерлерін атап өтті. Радиологтардың пікірінше, төмен дозадағы сәулелік терапия қабынуды азайтуы мүмкін, бірақ сонымен бірге инфекциямен күресу үшін қажет иммунитеттің В және Т жасушаларын өлтіреді.

Сондай-ақ, сарапшылар бұл әдісті жануарларға жүргізілген ұзақ сынақтардан кейін ғана пайдалануға болады деп санайды. Олар коронавирус кезінде өкпе тіндеріндегі регенерация бұзылатынын және радиациялық терапия бұл процесті нашарлатуы мүмкін екенін еске салды.

Еліміздің Бас санитарлық дәрігері мәлімдеме жасады
«Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге аударып жіберіңіз» - имам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу