18 жастағы танымал спортшы қаза тапты

Oinet.kz 11-08-2020 3439

Талантты жас спортшы, грепплинг, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсудан Атырау облысы құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Сиғуатов Есенбек қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Атырау облысының спорт басқармасы марқұмның жанұясына әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айтты. 

- "Сиғуатов Есенбек Тоқсанбайұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты Атырау облысы спорттық қоғамы атынан марқұмның отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Салауатты өмір салтын бойына серік етіп, жас та болса әлемдік додаларда облысымыздың, қала берді еліміздің намысын абыроймен қорғаған өреніміздің қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Жаратушы Иеміз Алла алдынан жарылқасын. Спортшымыздың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды", - делінген хабарламада. 

image.png

Ақ Жайық газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, спортшы 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде қаза тапқан. Марқұмның жүрегіне оқ тиген. Спортшы бір апта бұрын ғана 18 жасқа толған еді. Осы оқиғаға қатысты Атырау облысының полиция департаменті әзірге түсініктеме берген жоқ. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбыда тәртіп сақшылары рейд жүргізген. 

АҚШ сенаторы Лукашенконы отставкаға кетуге шақырды
"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi" мекемесiне қатысты жоспар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу