Психолог: Мемлекеттік қызметкердің жемқорлыққа баруына әйелі түрткі болуы мүмкін

Oinet.kz 11-08-2020 1032

Белгілі психолог Гүлбану Үмбетжанова мемлекеттік қызметкердің жемқорлыққа баруына әйелі түрткі болуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл туралы "Antikor live" жобасы аясында өткен онлайн брифинг барысында психолог Гүлбану Үмбетжанова айтты деп хабарлайды Oinet.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_4.jpg

Үмбетжанованың сөзінше, мемлекеттік қызметкердің жалақысы айтарлықтай көп емес. 

"Осы орайда оның жақындары өзге табысты адамдармен салыстыруы мүмкін. Мемлекеттік қызметкер үйіне келіп, "анау керек, мынаны алуым керек" деген сұрақтың астында қалуы ықтимал. Сондықтан да ол қаржы табудың басқа көздерін іздеп кетуі мүмкін. Көп жағдайда әйелдер күйеуінің қосымша ақша табуына түрткі болады", - дейді психолог.  

Маман қазіргі қоғамда ер адамға тек қана оның мүшелерінен ғана қысым түспейтінін жеткізді. 

"Мемлекеттік қызметкерге ата-анасы, отбасының өзге мүшесі де психологиялық тұрғыда әсер етуі мүмкін. Көп адам осындай қысымға ұшырайды. Егер де күйеуіңіз жалақыдан басқа ақша әкелетін болса, оның қалай келгенін білу қажет. Өйткені көп жағдайда арам ақшаға сатып алынған сыйлықтар да соңында тәркіленеді. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлерді әйелдері қолдап, оларға ақша емес, адам маңызды екенін айтып отыруы керек", - деп түсіндірді ол.  

Электр желілеріне жалғануға техникалық шарттар қалай беріледі?
АҚШ сенаторы Лукашенконы отставкаға кетуге шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу