«Қызды ақ матаға орап алып шықты»: Тұрғындар оқиғаның қалай болғанын баяндады

Oinet.kz 24-07-2020 5059

Күні кеше Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында бүкіл елді дүр сілкіндірген тәртіпсіздіктер орын алды. Оқиғаның неден басталғаны, қалай өрбігені жайлы өз көзімен көрген қала тұрғындары айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_6.jpg

Тұрғындардың сөзіне сенсек, Жезқазған қаласының тұрғыны, анасы мен қызы Сәтбаев қаласына қонаққа келген. 

"Бір апта бұрын туысы қайтыс болып, соның жетісін өтізбек болған.  Анасының жағдайы ауыр болған, себебі жақында жақынынан айырылған. Олар  қыз табылған үйдің 5-қабатына қонақ болып келген. Басында шал (күдікті - ред.) органдармен ұрысты. Полиция іздегенде қыз диванның астында жатқан. Қызды жалаңаш күйі ақ матаға орап алып шықты. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Көшеде атын атап,  "Қызым, келші" деп дауыс зорайтқышпен іздеді", осылайша халық жиналып кетті", - деп айтты тұрғындардың бірі. 

Тағы бір Сәтбаев тұрғыны Юлдуз Ульжаева оқиғаның өзінің тұратын жеріне жақын жерде болғанын айтады. 

"Бұл үй мен тұратын жерден 5 минуттық жерде. Қыздың табылуын бәріміз Алладан тіледік. Қыздың ата-анасын тастап кетпей, көмектескен жандарға алғыс. Өте ауыр жағдай. Ол адамның 3-4 жылға сотталып, кейін қайта бостандыққа шыққанын мен де қаламаймын. Тиісті жазасын алу керек", - дейді ол.

Айта кетейік, оқиға қатысты қала әкімдігінде күдікті полициямен қамауға алынғанын айтқан.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазіргі таңда оқиғаға қатысты барлық шаралар жасалып жатқанын жеткізіп, қаладағы жағдай тұрақты екенін айтып мәлімдеме жасады. 

Еске салсақ, кеше түнде Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетті, кейіннен қыз бала басқа біреудің пәтерінен табылды.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
Дарынды фотограф, режиссер қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу