Министр қазақстандықтарға үндеу жасады

Oinet.kz 22-07-2020 3154

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында қазақстандықтарға үндеу жасады.

image.png

Ведомстово басшысы ел азаматтарынан денсаулық сақтау жүйесіне көмектесулерін сұрады. Бұл қиын емес – бар болғаны өз денсаулығыңызды күтіп, қолды антисептикпен жуып, көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. 

Бұған қоса, министр қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылданып, иммунитетті нығайтуға шақырды. 

"Бұл – мемлекетке, өзімізге, балаларымыз бен жақындарымызға елеулі көмек болмақ", – деді Цой. Сондай-ақ ол әр қазақстандықтың өз денсаулығын күтіп, санитарлық дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асып жүрсе, еліміз инфекцияны жеңе алатынына сенім білдірді. "Біз инфекцияны жеңіп, бұл кезеңнен аман-есен өтеміз деп ойлаймын", – деп түйіндеді ведомство басшысы. 

"Алма" атты туынды көрерменге жол тартты
Қырымбек Көшербаев: «Қазақ жұмыссыз қаңғып жүруге құмар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу