Қазақстанда коронавирустан қанша адам көз жұмғаны белгілі болды
Қазақстанда коронавирустан 610 адам көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтып берді. Ол қазір статистикалық деректерді жөндеу үшін барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.
"Бұл өте ұзақ процесс. Статистиканы жинау өте ұзақ уақыт алады, күнделікті ақпарат нақты адам санын көрсетпеуі мүмкін. Осыған байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланыса отырып, статистиканы нақтылаудың жолдарын іздестіріп жатырмыз.
Бұл жұмыстар статистикамыз дұрыс болуы үшін жасалып жатыр. Қазіргі таңда білуімше 610 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмған. Бізде апатсына бір рет көз жұмғандар саны өзгеріп отырады. Сондықтан кейбір деректер сәйкес келмей қалуы мүмкін", - дейді Цой.