Танымал продюсер коронавирустан қайтыс болды
1992 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Жас қанат" байқауының бас продюсері, "Азия дауысы"-ның негізін қалаушы, тележурналист Мұрат Ерғалиев қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Қаралы хабарды сенат депутаты Дана Нұржігіт оның коронавирустан көз жұмғанын жеткізді. Танымал тележүргізуші өзінің телевидение саласындағы алғашқы қадамдарына куә болған продюсердің өлімі туралы қалың көпшілікке естіртті. Оның жазуынша, Мұрат Әжімұлының қазасына жер-жаһанды жайпап келе жатқан қатерлі індет себеп болған.
"Covid-19 деген әждаһа "Азия дауысы","Жас қанат" халықаралық байқауларының негізін қалаушылырының бірі, ТВ журналистикасының МЭТРі, менің алғашқы қадамдарыма куә болып, бір көргеннен "казахская француженка" деп ат қойған Мұрат Әжімұлы Ирғалиевті жұтып тынды. Лағнет айтам бұл нәлетке! Қандай адамдар кетіп жатыр! Көз жасымды тоқтатар емеспін...", - деп жазды Дана Нұржігіт өзінің парақшасында.