Биыл 234 мың адам пневмонияға шалдыққан - қанша адам көз жұмды?

Oinet.kz 17-07-2020 1000

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте пневмониямен ауырып жатқандардың артақнын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо-ға сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

image.png

«Биылғы 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін 234 187 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3-3.3 пайызға артты. Мұның бәрі әртүрлі жолмен, мысалы, бактериялды пневмония, вирустық пневмония, сияқты басқа да жолдармен тараған. Биылғы бірінші жартыжылдықта пневмонияға шалдыққандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен бірдей болған. Ал өсім маусым айынан басталған.  Ауырғандардың көбі 5 шілде күнгі карантин режиміне дейін тіркелген. Қатаң карантин режимі енгізілген 12 күн бұл дерттің бетін қайтаруға әлі де жеткіліксіз. 

1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 адам қайтыс болған. 2019 жылдың осы кезінде қайтыс болғандар саны 1 896-ны құраған. Өсім деңгейі 1.75 есені көрсетіп тұр. Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандарға стационарлық және амбулаториялық ем жүргізіліп жатыр. Оларға covid-19-дың қатысы жоқ. Біз мұндай есепке аса мән береміз. Өйткені сол бойынша медициналық мамандармен, дәрі-дәрмекпен және қаржылай қамтамасыз ету жағын жоспарлаймыз», – деді ол.

Түркістанда пандемияға қарсы «о2mir» және «shipa» жобалары басталды
Әлия Назарбаева: «Сұлтанның 4 әйелі бар екен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу