Тоқаев: «Қашанға дейін жалғасады... Намысымыз қайда»

Oinet.kz 10-07-2020 4443

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды шетелден тасымай, өз елімізде өндіру қажеттігін атап өтті.

image.png

Президенттің айтуынша, "СҚ Фармация" компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді.

 "Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?", – деді президент. 

Ол қазіргі таңда халықты үрей мен қорқыныш билегенін жеткізді. 

"Тіпті олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр. Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда", – деді президент.

 Осыған орай ол Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керектігіне назар аударды. 

"Беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет. Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді", – деп атап өтті Тоқаев. 

Түркістанда күніне коронавирусты анықтайтын 906 тест жүргізіледі
«Жер шетелдіктерге сатылмайды» - Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу