Танымал жазушы мемлекет басшысы Тоқаев әкесінің үмітін ақтағанын айтты

Oinet.kz 23-03-2019 1857

Screenshot_1.jpg

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына келді. Қаладағы нысандарды аралаған Тоқаев зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт сөзін жаңа Президентке қызметінде табыс тілеуден бастады. 

- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді халқыңыз да, еліңіз де, оның ішінде Түркістан облысының жұртшылығы да өте жақсы біледі. Құрметтейді. Бағалайды. Сізді биік парасаттың, терең пайымның иесі, аса салмақты, салиқалы саясаткер, өте-өте білгір де басшы, тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге белгілі тұлға ретінде таниды.

Screenshot_2.jpg

Сіз жазушының ұлысыз. Өзіңіз де өзгеше, іргелі де ізгі қаламгерсіз. "Беласу" атты кітабыңызды оқыдым. Қазақтың кемел қаламгері Кемел Тоқаев өз перзентіне Қасым ханның атын қойғанда "еліне ерен еңбек етер тұлға болсын" деп ниеттенген. Ол үмітті де ақтадыңыз, - деп жазушы Президентке жылы лебізін білдірді.

Кличко президент болса...
Тоқаев кімдер жазаланатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу