Цой: «Әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келді»
30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы және үйде медициналық көмек көрсету туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Министрлік пациенттерге үй жағдайында медициналық көмек көрсетуді барынша қауіпсіз деп санайды.
Қалыптасқан жағдайларда біз пациенттерге үйде медициналық көмек көрсетуді барынша қауіпсіз деп санаймыз. Амбулаториялық-емханалық көмек дистанциялық жұмыс форматына ауыстырылады, учаскелер деңгейінде шамамен 3 мың мобильді бригада құру жоспарлануда. Олар медициналық қызметкерлердің пациенттерге үйге баруын, COVID-19-ға тест алуды қамтамасыз етеді. Науқастарға кеңес беріп, ем тағайындайды. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді, сондай-ақ пациенттің жағдайына қашықтан мониторинг жүргізеді, - деп қосты министр.