Елімізде коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді

Oinet.kz 30-06-2020 2228

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

image.png

- Өлгендерді жерлеу тәртібі маңызды болып қала береді. Қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез келген зираттарда көмуге рұқсат етіледі, - деді министр.

Сондай-ақ, ол коронавируспен ауыратын науқастардың таралуы өсіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 30 маусымда 40 мыңға жуық науқас тіркелген. Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр дейді.

Цой Тоқаевқа коронавируспен күрес бойынша 10 шара ұсынды
Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу