Көкшетауда бір отбасы коронавирус жұқтырып, әкесі, анасы және ұлы қайтыс болды

Oinet.kz 27-06-2020 1055

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина әкесі, анасы және ұлы қайтыс болған отбасы туралы айтып берді. Олардың өліміне пневмония мен коронавирус себеп болған.

В Гвинее два человека умерли от лихорадки Эбола

"Таңертең дәрігер қайтыс болғаны туралы хабар келді. Оның ұлы Нұр-Сұлтанға ата-анасына қонаққа келген. Нәтижесінде тромбоэмболиядан әкесі көз жұмды, жасы келсе де, қосалқы диагноз - пневмония. Оқиға бейсенбіде болды.

Сенбіде анасы қайтыс болды. Ол облыстық ауруханаға жатқызылған. Жүрек ауруынан басқа, ода екіжақты іріңді пневмония болды. Реанимациялық әрекеттер нәтиже бермеді, сөйтіп ол екі сағат ішінде қайтыс болды. Әйелден COVID-19 расталды.

Қонаққа келген ұлынан да коронавирус инфекциясы анықталды. Ол екі аптадан астам уақыт жұқпалы стационарда ауыр халде жатты. Оның жағдайы күн санап нашарлай берді. Дәрігерлер барлық қажетті көмек көрсетті, бірақ бүгін ол қайтыс болды. Әпкесі де коронавирус жұқтырған", - деді санитар дәрігер.

Айнагүл Мусинаның айтуынша, оның жағдайы мәз емес, бірақ қазір тұрақталған.

"Тергеу жүргізгенде, осы тізбекте жігіттің досы бар екенін анықтадық. Досының бүкіл отбасы ауырып жатыр. Отбасыдан болек әріптестері де. Әпкесінің әріптестері мен құрбысы науқас. Бұл тізбек осымен аяқталмайды. 

Бір адамнан - үш өлім. 15-тен аса адам ауруханаға жатқызылды. Мұнымен тоқтамайды. Әр жағдайдың артынан байланыста болғандарды іздейміз. Ал Көкшетауда ондайлар 200-ге жуық", - деді облыстың бас санитар дәрігері.

Айнагүл Мусина әрбір жағдай тексеріліп жатқанын айтты, бірақ ресурс жетпейді. Эпидемиологтар физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршаған. Күн сайын вирус жұқтырғандардың саны өсіп жатыр.

"Біздің мамандар "зиратшыға" айналды. Олар күн сайын бұл трагедияны көріп жүр. Туыстары марқұмдармен қоштаса алмайды. Дене өңделеді, ал оны ашуға болмайды. Эпидемиологиялық талаптар сақталуы үшін туыстарымен де жұмыс істеу керек. Бұл өте қиын. Біз айтып отыратын кеңестерге құлақ асыңыз", - деді дәрігер. 

Оның айтуынша, мұның алдында көбі вирустың барына сенбеген, алайда қазір қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау және қайда жүгіну керегін сұрайды екен.

"Аурудың жеңіл түрі болса, үрейленудің қажеті жоқ, ол ЖРВИ сияқты өтеді, ешқайда барудың қажеті жоқ. Ал жағдай нашарласа, онда ауруханаға жатқызу мәселесі қаралады. (...) Ата-анаңыз 65 жастан асқан болса, оларға барудың қажеті жоқ. Ойлаңыз!" - деп қосты Айнагүл Мусина.

24 маусым сағат 20:00-ден бастап Көкшетау аумағына шығуға және кіруге тыйым салынады. 

"15 маусымнан бастап блокбекет орналастырдық, олар санитарлық мақсатта жұмыс істеді. "Сергек", "Қолдау", "Қорғау" базаларында тіркелу кезінде санитарлық қызмет, медицина, құқық қорғау, сот органдары, арнайы органдар мен азық-түлік өнімдерін тасымалдаумен айналысатын адамдарға ғана жүруге рұқсат етіледі", - деді облыстың санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Тоқаев денсаулық сақтау министрі мен үкіметке тапсырма берді
"Бір науқас қасымызда тұрған, ол да қайтыс болды". Шымкент ауруханаларындағы қазіргі жағда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу