Оралхан Дәуіт-Ақпарат саласының үздігі

Oinet.kz 26-06-2020 1581

c3d921a88843fc9b5abcfca7865ebe41.jpg

Белгілі журналист, қаламы да, қиялы да ұшқыр, әдемі әзілдерімен, тауып айтар қалжыңдарымен танылып жүрген Оралхан Дәуіт  үшін биылғы жыл табысты өтіп жатыр. Жыл басында «Жас Алаш» газеті бас редакторлығының бірінші орынбасарлығынан қарашаңырақ «Егеменге» оралған Орекеңді жуырда жамбылдық атқамінерлер аттай қалап, Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің бас редакторы қызметіне шақырған болатын. Енді міне, БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Оралхан Дәуіт  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып отыр. Әріптестер арасындағы ақжолтай жаңалықты бүгін «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ұжыммен өткізген онлайн жиында  хабарлады. Мұның өзіндік себебі де бар. Өйткені ел газеті «Егеменде» тынымсыз еңбегі мен өзіндік жазу өрнегі үшін ұжым атынан осы марапатқа бірауыздан ұсыну үйғарылған еді.   

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми мәліметі бойынша "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын азаматтарға беріледі екен. Бір сөзбен айтқанда төсбелгі  аты айтып тұрған осы салада үздіктерге ғана лайық. Ширек ғасырдан астам шығармашылық жолында «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» басылымдарында шыңдалып, «Түркістан» мен «Жас Алашта» жасындай жарқылдаған, «Егеменде» ерлеген Оралхан Дәуітті  жаңа марапатымен құттықтай отырып, «Ақжолдағы» жұмысына ақ жол тілейміз!

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары тағайындалды
Көлді жекешелендіру үшін шаруа қожалығы иесі әкімге бір табын сиыр берген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу