​Тағы бір елде коронавирустың таралуының екінші толқыны басталды

Oinet.kz 23-06-2020 2370

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың жаңа рекордтық саны тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

news_full15866972964272231f00693d90368f1039443bd97c.jpg

Бір тәулік ішінде әлемде 183 мың адамға коронавирус диагнозы қойылған, оның 50 мыңнан астамы Бразилияға тиесілі. 

Сонымен қатар, Оңтүстік Корея аурудың таралуының екінші толқынының басталғанын мәлімдеді.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, дүниежүзінде Covid-19 жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты, 470 мыңға жуық өлім-жітім тіркелді. 4,4 миллионға жуық адам коронавирустан сауығып кетті.

Айта кетейік, қазір инфекцияның таралуының негізгі ошағы Латын Америкасы болды, сондай-ақ Үндістан мен Пәкістанда сырқаттанғандардың саны тез өсіп жатыр.

Бүгін Қазақстан полициясы күні
Әміржан Қосанов: «Өкпе-ренішті ұмытайық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу