Шымкент ауруханасынан үрейлі видео тарады (видео)

Oinet.kz 23-06-2020 3123

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар қаланың теміржол ауруханасының ауласындағы бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

image.png

Ведомстводағылар теміржол ауруханасы провизорлық орталық ретінде жұмыс істеп тұрғанын және видео сол жерде түсірілгенін атап өтті.

- "Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты орталыққа түсетін науқас көбейді. Соңғы тәулікте ауруханада төрт адам қайтыс болды. Бұл стационардағы науқастар арасындағы өлім көрсеткіші 3 пайыз болып тұр", - деді дәрігерлер.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, қайтыс болған төрт адамда басқа аурулар: қант диабеті, артериальная гипертензия, ишемия болған.

Сондай-ақ, пневмониямен түсетіндердің саны артқаны хабарланды. Шымкентте қазір COVID-19 жұқтырған 1296 адам симптоммен, 792 адам симптомсыз жұқтырған деп тіркелген. Ал пневмония диагнозымен ауруханаға түскендер 7,2 есе көбейген.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар! (видео төменгі сілтемеде...)

Бейнематериал

Тоқаев коронавирусқа байланысты шұғыл шара қолдануды тапсырды
Коронавирус індетінен тағы 7 науқас көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу