Марғұлан Сейсембай коронавирусқа байланысты қабылданған шараларды өткір сынға алды

Oinet.kz 20-06-2020 3515

Қазақстандық танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай COVID-19 қауіпті індетіне қатысты елімізде қабылданып жатқан шешімдерге өткір сын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазба қалдырды. 

image.png

- «Коронавируспен ауырған таныстарымның санының күрт артуына байланысты, қалай болғанда да, барлығымызға немесе басым көпшілігімізге ауырып шығуға тура келеді деген қорытындыға келдім.Осы арада бірден эпидемиологтардың „эпидемия кем дегенде популяцияның 60%-ы ауырып шықпай, басылмайды“ деген сөздері еске түседі. Ауруханалар толы, дәрігерлер жетіспей жатыр, жедел жәрдем сізде өте ауыр жағдай болмайынша келмейді. Қысқасы, біз қорыққан денсаулық сақтау жүйесінің жаппай күйреуі орын алды. Осыдан мынадай заңды сұрақ туады: медицинаның күйреуі ақыры орын алса, эпидемия бәсеңдегенше, бәрібір, барлығымызға ауырып шығуға тура келетін болса, карантиннен не пайда? Қаншама ресурс жұмсалды, бастысы — экономикамыз толықтай тұсауда, оны қайта қалпына келтіру үшін әлі қанша шығын кетеді! Бұл кінә тағу емес, бұл болашақта дұрыс шешімдер қабылдау үшін жауабын қазір алатын сұрақ», — деді кәсіпкер. 

Айсұлтан Рахат Тоқаевтың билікке қалай келгенін айтты
ДДСҰ басшысы пандемияның жаңа қауіпті кезеңі туралы мәлімдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу