Еліміздің 16 өңірінде қайтадан қатаң карантин шаралары енгізіледі

Oinet.kz 19-06-2020 5202

Үкіметтің отырысында денсаулық сақтау министрінің қызмет атқарушы Лязат Ақтаева қазіргі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

Лязат Ақтаева демалыс күндерден бөлек коронавирус жағдайына байланысты карантин шаралары күшейтіліп, шектеулер енгізілетінін айтты.  

"Қосымша қатаңдату шаралары 16 өңірде күшейтілді. Вирустың өршуін ескере отырып  Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында демалыс күндері карантин шараларын қатаңдататын болдық. Көптеген шектеу шаралары енгізіліп, бірқатар мекемелер 20-21 маусым жабық болады", - дейді Ақтаева. 

Сонымен қатар министр вирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтып берді. Бүгінде елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 24 мыңға жеткен

"Қазақстанда коронавируспен ауыратын 23 960 пациент тіркелді, олардың 16 351-симптоматикалық және 7 609-ы асимптоматикалық. 13 716 пациент емдеуді жалғастыруда. 10 139 науқас қалпына келтірілді, 105 науқас қайтыс болды", - деді Ақтаева.

Елжан Біртанов қанша айлық алатынын айтты
Белгілі журналист шенеуніктерге шүйліккен Қайнар Алагөзовті өткір сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу