Белгілі журналист шенеуніктерге шүйліккен Қайнар Алагөзовті өткір сынға алды
Белгілі қазақстандық журналист Ришат Асқарбекұлы коронавирус жұқтырған шенеуніктерге шүйліккен белгілі айтыскер Қайнар Алагөзовті сынға алды. Ол Қайнар Алагөзовтің жазбасын өзгерткенін алға тартып, ақынның өз сөзінен "секіргенін" баса айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
- "Ертең осы сөзің үшін кешірім сұрап, басың салбырап қалады-ау!) Жер бетінде коронавирус жоқ болса, үш айда 400 мың адам неден өлді екен? Беташар мен той болмай қалған соң, шегірткелерде де психоз басталды", - деді Ришат Асқарбекұлы.
Сонымен қатар журналистің сөзінше, жұрттың наразылығына ұшыраған соң, Қайнар Алагөзов өз жазбасының мәтінін өзгерткен. Ришат Асқарбекұлы ақынның "бір сөзді" емес екенін скриншотпен дәлелдеп алғанын растап отыр. Бұны көрген желі оқырмандарының басым бөлігі Алагөзовтың сөзі шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
- "Сенбесе өзіне, елді олай деп сенбеуге шақырған дұрыс емес", "Деңгейінің жеткен жері шығар?", "Сонда бүкіл әлем өтірік айта ма?", "Осылар ғой халықты адастыратын", "Саудагерлер саудам жүрмей қалды деп жоққа шығарып әлек, әнші-асабалар той болмай қалғанына қапалы. Басқа түк те емес", "Барып тұрған надандық қой. Ақын, ақын” деген сайын", - деп жазды олар.
Пікір білдірушілердің арасында айтыскерді қолдағандардың қарасы өте аз болды.
- "Әркімнің өз еркі ғой не айтса да", "Ақын жігіт қатты айтыпты", "Вирустың бар екені рас. Бірақ мына шенділердің бәріне жұқты дегенге сену тым қиын", - деді кей желі қолданушылары.
Сонымен қатар, Қайнар Алагөзов жариялаған жазбаның мәтіні ек рет өзгергені оқырмандардың да шамына тиген. Олар айтыскер ақын "ұнамаған адамдарды черный списокқа салып отыр" деген пікірде.
- "Біреуді бірдеңеге сендіру үшін ең құрығанда өзі жазған сөзді өшірмей, бір ойда қалу керек қой" деп пікір жазып ем, блокқа тастапты", "Батыр болған соң "даканца" батыр болмады ма екен. "Бір көшке" де жетпеді ғой", "Мәтінін екі рет өзгертті деген не масқара"- деді желі белсенділері.