Мирзиеев Елбасыға жеделхат жолдады

Oinet.kz 19-06-2020 853

Көршілес мемлекет Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

image.png

Шавкат Мирзиеев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағанын жеткізді.

- "Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін. Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін", - делінген жеделхатта.

Белгілі журналист шенеуніктерге шүйліккен Қайнар Алагөзовті өткір сынға алды
Путин Назарбаевқа жеделхат жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу