«Вирусқа сенбеңіздер, ертең ауырып көз жұмасыздар, сосын апарып жерлейміз» - Диас Ахметшәріп
Еліміздегі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирусқа сенбей жүрген көпшілікке ескерту жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Соңғы аптада коронавирус індеті өршіп тұр. Халық арасында да, шенеуніктер арасында да ауру жұқтырғандар саны басым. Алайда індетке сенбестік танытқандар тағы бар. Олар әсіресе желіді пікірін ашық айтып, аурудың жоқ екенін жазады.
Танымал тұлғалар аурудан сақтанып жүруге шақырып, ескерту айтып жатыр. Осы ретте Ашық алаң бағдарламасында Диас Ахметшәріп ескерту айтты.
- "Вирусқа сенбейміз дейді. Ауруға сенбесеңіздер, ертең ауырғанда көздеріңіз жетеді. Ол кезде сізді ешкім емдемейді. Орын да табылмайды. Қазір науқас саны көп. Мен ресми өкіл ретінде айтамын. Вирус жоқ, сенбеңіздер. Бұл ойдан шығарылған нәрсе. Ақыры сенбейді екенсіздер, ертең ауырып көз жұмасыздар, сосын сіздерді апарып жерлейміз", - деді ашынған ол.
Бұл пікірден соң желі қолданушылар сұрағын жаудырды.
- "Сенген адамға орын табылама сонда", "Өкпе ауруының көп түрі бар бірақ барін к-вирус дегені күдік тудырады", "Аллаhқа сенеміз ғой сақтансан сақтайды, Аяқтарымызды андып бассақ, бәрі де жақсы болмақ!", "Жоқ аурумен қара халықты алдап отырсыздар ма?", "Жаман айтпаңыз, кімнің көз жұмарын құдай біледі", - деп жазды олар.