Мәжіліс төрағасы коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 17-06-2020 1776

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

9 және 11 маусымда ол коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдаған.

16 маусымда Нығматулин кезекті тестілеу өткізді. Өкінішке қарай, сынақ оң нәтиже көрсетті. Бұл ретте диагноз белгісі жоқ деп қойылған.

Мәжіліс төрағасы қашықтан, өзін-өзі оқшаулауда жұмыс істеуін жалғастырып жатыр.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді.

Түлкібас ауданында ауыр салмақты көліктерге рейдтік шаралар жүргізілді
«Иманғали Тасмағамбетов немен айналысып жүр?» - досы бар шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу