«Қарызымызды кешірсін»: Ипотекаға үй алып төлей алмай жүргендер талап қойды

Oinet.kz 13-06-2020 2638

Кезінде ипотекаға үй алып, енді сол ақшаны төлей алмай жүрген азаматтар қарызымызды кешірсін деп талап қойып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

news_full1592020691dee77c206790089b9c752e2c5be99796.jpg

Алматы қаласының әкімдігінің алдына жиналған бір топ адам қарызға белшелерінен батып кеткендерін айтып наразы. Олар көпбалалы, әл-ауқаты төмен отбасылардың және мүгедектердің ипотекалық қарыздарын кешіруді сұрайды. Әкіммен кездесуге келген 20-ға жуық азамат бұрын алған ипотекаларын төлегілері келмейтінін айтып шағымдануда.

Себебі, жағдайы жоқ отбасылар мен мүгедектердің берешегін өтеуге үкіметтен тағы да 44 миллиард теңге бөлініпті. Бірақ бұл қаражаттың бір тиыны да бізге бұйырмады дейді жиналғандар.

Борышкерлердің арнайы бағдарлама бойынша ипотекамыз жабылу керек болатын, алайда бұл қаражат бізге жетпеді деген сауалына «Ар-намыс» қоғамдық қорының төрайымы Қанағат Тәкеева жауап берді

"44 миллиард теңгеге 7 мыңнан астам борышкердің несиесі қайта қаржыландырылуы керек болатын. Алайда бұл азаматтардың ешқайсысы бағдарламаға қатыса алмай отыр. Бәрінің құжаттарын түрлі сылтаумен кері қайтарады. Тіпті кей азаматтардың несиесін 100 пайызға кешіру керек еді. Бірақ әлі күнге қарызынан біржола құтылған ешкім жоқ", - дейді маман.

Борышкерлердің барлығына 5 жылға несие демалысы берілген. Яғни әрқайсысы 60 ай бойы тек 15 мың теңгеден төлеп отырады. Алайда карантинде жұмыссыз қалғандар енді сол соманы да өтеуге шамамыз жоқ дейді. «Әкіммен кездесеміз» деген талаптары да орындалмады. Бірақ бар базынасын қағазға жазып қалдырғандардың мәселесі шенеуніктер міндетті түрде біржақты қыламыз деп шығарып салды.



Алматы тұрғынынан банк 45 миллиард теңге талап етті
Президенттің әйелі коронавирус індетін жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу