Танымал журналист халыққа ашулы
Танымал қазақстандық журналист Асхат Садырбай коронавирус пандемиясына қатысты өз ойын ортаға салды. Ақпарат өкілі бүгінде күллі әлем күресіп жатқан, қауіпті инфекцияның бар екеніне сенбейтін халыққа ашуланып, оларға ақиқатты түсіндірмек болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба арнады.
Журналист орын алған пандемия салдарынан енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайтынын жеткізді.
- "Кеше испан суретшісінің суретін салған постқа бір оқырман “қайдағы вирус, өтірік, вирус жоқ” деп жазып кетіпті. Вирустан зардап шегіп, үлкен қиындықты бастан өткеріп жатқан әлем ақымақ та, ол кісі ақылды екен.. Мойындасақ та, мойындамасақ та COVID-19 дың әсерінен әлем үлкен өзгерісті бастан кешіп жатыр. Өте үлкен перезагрузка. Енді көп нәрсе бұрынғыдай болмайтынына көз жетуде" , - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Асхат Садырбай қыз тәрбиесі туралы түсірілген атышулы бейнероликке қатысты пікір білдірген еді. Белгілі журналист бейнежазба авторлары мен оған тапсырыс берушілерді сынға алып, ел арасында шу тудырған видеоны түсіруге жұмсалған қаржыны қандай игі бастамаларға жаратуға болатынын айтты.