Сәуле Әбілдаханқызы Тазабековты "қазақтың жауы"- деп атады
Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
"Жұмақ - Ананың табанында! Алаңға шыққан Аналарға сойылдарыңды сілтеп сүйрей жөнелмей, өз Анам деп, өз әпке-қарындасым, өз қызым деп қараңдар!.." десең, аузың қисайып қала ма?
"Құдайың" кім екенін, қазаққа деген пейілің қандай екенін "уағыз" айтпай тұрып-ақ халық білген
"Шын иманды болсаң, шын Құдай жолында жүрсең, солай дер едің.
Сен айтар сөз мұндай сөз емес, әрине.
Мұндай сөзді - иманды адам, намысшыл еркек, Ананың ақ сүтін адал емген арда ұл, ұлтын сүйген перзент, мемлекетшіл азамат қана айта алады. Саған ондай болу қайдаааа?!!
Қай жолда жүргеніңді, "құдайың" кім екенін, қазаққа деген пейілің қандай екенін полисайларға "уағыз" айтпай тұрып-ақ халық білген...
Сендер қазақтың жауысыңдар.
Алаңда журналистерге зонтик кезеніп жүргендерің-ақ сендердің кім екендеріңді көрсетті", - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Мұхамеджан Тазабеков Қытай елінен емес, Құдайдан қорқу керек екенін айтқан болатын. Тазабековтың осы сөзінен кейін желідегілер оны сынап тастаған болатын.