Шымкент қаласында «Бекжан» базарынан өрт шықты (видео сілтемеде)

Oinet.kz 09-06-2020 1463

Шымкент қаласында орналасқан "Бекжан" базарының алдындағы аяқ киім сататын дүңгіршектер өртке оранды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Ал, әлеуметтік желілерде (Instagram) базардың өртке оранған сәтінен түсірілген видеолар жүр. 

image.png

Оқиға бүгін сағат 14.00 шамасында болған. Қызыл жалын 280 шаршы метр жерді шарпыған. 

Өрт туралы хабарлама Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пультіне сағат 15.13-те түскен. Оқиға орнына 24 арнайы техника мен жеке құрамнан 70 адам аттанған. 

- "Өрттің беті сағат 15:36-да қайтарылып, сағат 15:43-те толығымен сөндірілді. Өрттің аумағы 280 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматы блок-бекетіндегі жол апаты: Жүргізушінің полицияда жұмыс істегені рас па?
Түркістан: Мемлекеттік сатып алуға жоспарланған 372 млн.теңгеге жуық қаржы үнемделді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу