Мұсабаев мәңгілік адам ба?

Oinet.kz 20-01-2014 1000

           

20161121123905.jpg

Жуырда «Қазақғарыш»  агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев Ресейдің «Известия» газетіне берген сұхбатында «Біз «Байқоңырдың» ғарышқа шығатын қақпа болып қала бергенін қалаймыз, ғарыштық жобаларды өз күшімізбен жүргізе бергіміз келеді. Астын сызып тұрып айтайын,  біз Ресейдің «Байқоңырда» мәңгілік қала бергенін қалаймыз» деді.  «Протонның» айналаға өте улы гептиль отынымен ұшатынын жұрттың бәріне белгілі. Былтыр жазда «Байқоңырдағы» апаттан кейін қазақтың бір топ белсенділері «Протонның» ұшырылуына үзілді-кесілді қарсылығын білдірген. Ал сіз бен біз жақсы білетін Талғат «Ұша берсін. Бірақ құламасын» дейдіҚызық екен, ұшқан зымыранның құламайтынына кім кепілдік бере алады?

Бәрінен де бұрын Талғаттың «Ресей «Байқоңырда» мәңгілікке қала берсін» деп, барша қазақстандықтардың атынан сөйлеп жібергені ұяттау болды.  Ресейсіз «Байқоңырдың» таңы атпайтынын білдірген түрі. Шарасыздықты, амалсыздықты, Ресейсіз түк бітіре алмасын мойындап тұр ғой. Өте аянышты екен.  Бірақ мәңгілік дегеніңіз өлшемі жоқ шексіз ұғым емес пе? Ешкім де, ешнәрсе де мәңгілік емес. Мұсабаев та. Кеудесінде намысы, басында санасы бар қазаққа жарасатын сөз бе еді осы.

"Рейтинг" газеті қаңтар 2014 жыл

Президенттің назарындағы рейтингтің пайдасы осы ма?
Бекарыс енді айтысты тастай ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу