«Qazaqstan» телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус табылды
«Qazaqstan» телеарнасының 20-дан астам қызметкерінен COVID-19 індетінің инфекциясы анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлайды Oinet.kz.
Қызметкерлердердің ауру жұқтырғаны профилактикалық тексеру барысында белгілі болған.
Дәрігерлердің айтуынша, ауру телеканалдың 24 қызметкерінен анықталған. Олармен байланысты болған азаматтар, сонымен бірге аталған телеканалмен бір ғимаратта отырған ОРТ «Евразия» арнасының қызметкерлері де тексеруден өткен.