Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жұртшылық арасындағы қалыптасқан түсінік бойынша Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылуына себеп болған алма ағашы. Бірақ Тәуратта осы жөнінде баяндалған мәтінде алма деген бір ауыз сөз жоқ. Онда Жаратушы иеміз Адам ата мен Хауа анаға жұмақта өсіп тұрған бір ағаштың жемісін жемеуді бұйырған. Бірақ ол жемістің аты аталмайды.
Алма ағашы Таяу Шығыс елдерінде мүлдем дерлік өспеген. Ғалымдардың пікірінше, белгісіз жемісті алмаға айналдырған ортағасырлардағы грек діндарлары. Өйткені грек аңыздары бойынша алма жұбайлық қарым-қатынастың белгісі болып саналады. Ал, христиан діні мұндай қарым-қатынасты күнә деп есептеген. Сонықтан Адам ата мен Хауа ананың күнәсіне себеп болған жемістің алма болып таңдалуы бекер емес сияқты.