Шымкенттегі Астана даңғылына Назарбаевтың аты неге берілмей қалды?

Oinet.kz 20-03-2019 876

 IMG_1371-640-x-427.jpg

«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын. Бұдан бөлек, біздің елордада Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын. Барлық облыстық қалалардың басты көшелерін - Нұрсұлтан Назарбаев деп атау дұрыс деп деп есептеймін. Елбасыға біздің мемлекеттің ең жоғарғы атақтарына лайықты. «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» атағын беруді ұсынамын. Сенаттың бұрынғы төрағасы ретінде Елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп есептеймін. Тұңғыш Президент түсірілген барлық суреттер мен фотолар жариялы нысандардың, мемлекеттік қызметшілер кабинеттерінің, оқу орындары ғимараттарының міндетті атрибуты ретінде қалады. Сонымен бірге, Елбасының бүкіл өмір жолы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы туралы заңға және өзге де заңнамалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етілетін болады. Елбасының атында барлық қызметтік инфрақұрылымдар қалады», - деді ант беру рәсімінен кейін сөз алған президенттің міндетін атқаруға кіріскен Қасым Жомарт Тоқаев.

 Әрине, ұсыныс әлі нақты шешім деген сөз емес. Депутаттар бұған, дейін де Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп атауды ұсынған болатын. Алайда бұған Елбасының өзі қарсы болып, «Астана атауы бренд» деген еді. Бұл жолы қалай болады?

Былтыр Жаңа жылда Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев деп қайта атау туралы шешім қабылдап, ұсынысты Астанаға жіберген. Алайда арада бір жылдан астам уақыт өтсе де бұл ұсыныстың іске аспай қалғанына жұртшылық таңданып жүрген еді. Осының құпиясы енді белгілі болған сияқты.

Бұл деген сөз отставкінің кеше, бүгін емес әлдеқайда ерте пайда болғанын көрсетеді.    

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті
Сенат төрайымдығына Дариға Назарбаеваның кандидатурасы ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу