Теміртау қаласының әкімі коронавирус қауіпті індетін жұқтырды

Oinet.kz 02-06-2020 1128

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Әкімнің аталмыш қауіпті індетті жұқтырғаны туралы ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.

image.png

- "Теміртау қаласы әкімінің коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйде. Дәрігерлер жағдайы тұрақты дейді. Ауруларға шағымдар жоқ. Әкім 14 күн бойы оқшаулануда", - деді баспасөз қызметі.

Бөлім сонымен қатар, қазіргі уақытта әкімдік қызметкерлерінің барлық байланыс тұлғалары коронавирусқа тест тапсырды. Нәтижелер теріс. Қала әкімінің міндеттері әкімнің орынбасары Мирас Құттыбайға жүктелген. Теміртау қаласы әкімдігінің кеңсесі қалыпты режимде жұмыс істейді.

Итті тоңазытқыш есігімен қылқындырған азамат өз әрекетін түсіндірді (видео)
Бурабайдың бұрынғы әкімі қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу