Марғұлан Сейсембаев шын мәнінде кім?
Белгілі қазақстандық кәсіпкер әрі инвестор Марғұлан Сейсембаев 1966 жылы 02 қарашада Жезқазған облысында дүниеге келген. 1990 жылдары «Сеймар» компаниясының негізін қалаған. "Альянс банк" пен «Картел» (К-мобайл) компаниясын басқарған. Қазіргі таңда, IT-жобалар мен ауыл шаруашылығын белсенді қаржыландырып жүрген бизнесмен.
Өміржолы:
Ата-анасы қызмет бабына байланысты Жезқазған облысының бір колхозынан екінші колхозына көшіп отырған. Найман тайпасы Бағаналы руының Жабай тармағынан шыққан. Мектепті бітірген соң екі жыл бойы Марғұлан комсомолдық жастар бригадасында шопан және Жезқазған облысының «Амангелді» совхозында аға омарташы болып жұмыс істеді. 1989 жылы Қазақстандық мемлекеттік университетті аралау барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев заң факультеті студенттерінің бірінен келесідей мәтіні бар хат алады: «Мен Марғұлан Сейсенбаевпын, сабақты өте жақсы оқимын, ағылшын тілін өзім үйрендім, мені шет елге оқуға жіберіңізші, бұл жер маған тарлық қылуда. Туған жер мүддесі үшін жұмыс істеуге уәде беремін». Бұл жолдардың авторы оқу озаты, бұрынғы шопан және кедей ауылда туып өскен Марғұлан Сейсембаев болған деседі (Марғұлан Сейсембаев туралы алып-қашпа әңгімелердің бірі) 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтанушы» мамандығы, «Заңгер» біліктілігі бойынша үздік бітіреді. [5] Оқу кезінде Тимирязев 47 мекен-жайы бойынша, ҚазМУ қалашығындағы №9 жатақханада тұрды. 5-ші курстың барлық емтихандарын экстернмен тапсырады. Университетті қызыл дипломмен бітіреді.
Отбасы:
1992 жылы 08 қарашада үйленген. Жұбайының есімі – Сәуле. 1992 ж. 19 тамызда Зере есімді қызды болады. 2008 жылдың 23 қарашасында Дәмелі және Альмира есімді егіз қыздары дүниеге келген.
Қызмет жолы:
1991 — қазақ бидайын ТМД елдеріне экспорттаумен айналысатын «Сеймар коммерция» жекеменшік коммерциялық фирмасының негізін қалайды.
1992 — «Сеймар» концерні құрылады.
1995—1997 — Қазақстан бойынша құс фабрикаларын жаппай сатып алу басталды, 1998 жылы Сейсембаевтың туысы Асқар Галин директоры болып тағайындалған «Алматықұс» компаниясының (кейін «Алель Агро») негізі қаланды.
2000—[[2001] — ]«Сеймар» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2001 жылдан бастап — «Сеймар» ААҚ президенті.
2002 — 12 млн. долларға қазақстандық меншік иесінен Қазақстандағы екі ұялы байланыс операторының бірі «Картел» компаниясының 100%-ын сатып алады. Компания сатылар алдында «Моторола» компаниясына 175 млн АҚШ доллары және қазақстандық банктерге 67 млн АҚШ доллары қарыз болатын. Абоненттер қатары 220 мың адамды құрады. Құрал-жабдық бұрын қолданылған-ды, Түркиядан әкелінген, бұған дейін бұрынғы акционерлердің бірі пайдаланған болатын.
2003 жылдан бастап — «Қазақстан күріші» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2003—2005 — «Алель Агро» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
03 қазан 2003 — 26 сәуір 2004 ж. — «Қазақстан қағазы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2004 жыл— «Картел» ұялы байланыс компаниясын ресейлік «Вымпелком» компаниясына 425 млн. АҚШ долларына сату (75 млн доллар қарызды есептемегенде).«Картел» ұялы байланыс компаниясын ресейлік «Вымпелком». Сатылар алдында Моторола компаниясының алдындағы қарыз толық өтелді, Қазақстанның барлық қалалары ұялы байланыс желісімен қамтылды, абоненттер саны 600 мың адамнан асып кетті.
2004 жыл — «Бител» қырғыз ұялы байланыс операторының үлесін сатып алу.
2005 жыл - «Бител» ұялы байланыс операторының 51% үлесін ресейлік МТС компаниясына 150 млн АҚШ долларына сату.
17 шілде 2007 жыл — «Альянс Банк» АҚ Лондон қор биржасында (LSE) IPO-ға (Initial Public Offering) шықты. Жарияланғанан кейінгі «Альянс Банк» АҚ бағасы 4 млрд АҚШ долларын құрады. вышел на IPO (Initial Public Offering). IPO нәтижелері бойынша «Сеймар Альянс» «Альянс Банк» АҚ акцияларының 17%-ы бойынша 700 млн. доллар көлемінде табыс тапты.
2007 жылдың нәтижелері бойынша Альянс Банктың өз капиталы 1 млрд 350 млн АҚШ долларын құрады.
2007 жылы «Сеймар Альянс қаржылық корпорациясы» АҚ-ның өз капиталы 1 млрд 850 млн АҚШ долларын құрады.
2007 жыл — «Альянс Банк» АҚ салық төлемінен кейін рекордтық табыс 350 млн АҚШ долларына қол жеткізеді.
2007 жылдың қарашасы мен 2008 жылдың қазаны — «Сеймар Альянс қаржылық корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы және «Сеймар Альянс қаржылық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2008 жылдың қарашасынан — «Сеймар Альянс қаржылық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2 ақпан 2009 ж. — «Альянс Банк» АҚ акцияларының бақылаушы пакеті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың сенім басқармасына берілді. передан в доверительное управление
20 маусым 2009ж. — М. Сейсембаев Қазақстаннан сырт жаққа кетті.
2 шілде 2009 жыл — Лихтенштейн мемлекетінің мемлекеттік прокуроры «Альянс Банк» АҚ ақшалай қаражаты ұрланды және ізі жасырылды деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.
17 тамыз 2009 ж. — қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты қылмыстық іс Лихтенштейн мемлекетінің Корольдік сотының шешімімен жабылды.
2009ж. 2 қыркүйегінде — Марғұлан Сейсембаев: «Әзірге оралмай тұра тұруды жөн көрдім, жағдайдың әділетті түрде дамитынына еш кепілдік жоқ. Меніңше, осы мәселеде барлық былықты маған жаба салуға кейбір адамдар мүдделі болып отыр...» деп мәлімдеді.
4 қыркүйек 2009 жыл – Цюрих қаласының мемлекеттік прокуроры «Альянс Банк» АҚ ақшалай қаражаты ұрланды және ізі жасырылды деген күдікпен тергеу амалдарын жүргізу туралы бастама көтереді.
28 қазан 2009 жыл — Марғұлан Сейсембаевқа, оның бауырлары мен банктың бұрынғы топ-менеджментіне (Ж.Ертаев, А.Агеев, Д.Керейбаев, И.Иванова және басқалар) заңсыз кепілдік берді, ақшалай қаражатты ұрлады, ізін жасырды, қызметтік мансапты асыра пайдаланды, банктың ақшалай қаражатын заңсыз қолданды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптар тағылды.
4 қараша 2009 жыл — Цюрих қаласының мемлекеттік прокуроры Швейцарияның федералды әділет және полиция департаменті Сейсембаев М. Қ. қызметіне толық тергеу амалдарын жүргізу туралы сұраным жібереді.
12 мамыр 2010 жыл — Қазақстандағы тергеу 193-шы б. 3-ші т. «Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру», 176-шы б. «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету», 235-шы б. 3 т. б п. «Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу» бойынша айыптарды оқиғалар мен қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты тоқтатты.
11 маусым 2010 жыл — қаржылық тергеу істеріне маманданған халықаралық BDO forensic services аудиторлық компаниясы Сейсембаев М. Қ. қызметі және банктың ақшалай қаражатының жұмсалуы туралы аудиторлық есеп ұсынады.
2010 жылдың 5 тамызында Федералды әділет және полиция департаментінің жауабын, Сейсембаев М. Қ. қызметіне қатысты бүкіл материалдарды және аудиторлық есепті алған соң Цюрих қ. мемлекеттік прокуроры қылмыстық оқиғаның жоқ болуына байланысты тергеу амалдарын тоқтатады.
26 қазан 2010 жыл — Марғұлан Сейсембаев өз еркімен Қазақстанға тергеуге көмектесу және тергеу шараларына қатысу үшін оралады.Маргулан Сейсембаев добровольно возвращается в Казахстан
8 қаңтар 2011 жыл — Сейсембаев М. Қ., оның бауырлары және «Альянс Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне байланысты іс Алматы қ. Медеу аудандық сотына беріледі.
14 сәуір 2011 жыл — «Альянс Банк» АҚ Сейсембаев М. Қ., оның бауырлары және банктың бұрынғы топ-менеджменті ақшалай қаражатты ұрлады, ізін жасырды және алаяқтық жасады деген айыппен Англияның Жоғарғы сотына шағымданады
20 сәуір 2011 жыл — Англияның Жоғарғы соты Сейсембаев М. Қ., оның бауырлары және банктың бұрынғы топ-менеджментінің активтеріне бүкіл әлем бойынша тоқтау салу туралы шешім қабылдайды.
08 шілде 2011 жыл — жарты жылға созылған сот істерінен кейін ашық сот отырысында Медеу аудандық соты Сейсембаев М. Қ. 182 б. «Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру» бойынша ақтап, Сейсембаев М. Қ. 220 б. «Банктiң ақша қаражатын кепілдік беру жолы арқылы заңсыз пайдалану» бойынша кінәлі деп табады. Сот Сейсембаев М. Қ. екі жылға шарттты түрде бас бостандығынан айыру, 2 жыл бойы банк саласында басшылық қызметтерге ие болмау және «Альянс Банк» АҚ-на 192 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарып беруі туралы шешім шығарады.
15 қыркүйек 2011 жыл — Алматы қ. Аппеляциялық соты Медеу аудандық сотының «Альянс Банк» АҚ-на 192 млрд теңге көлемінде қаражат қайтару туралы шешімін жояды.
23 қазан 2011 жыл — «Альянс Банк» АҚ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына өтініш білдіреді.
14 желтоқсан 2011 жыл — Англияның Жоғарғы соты Сейсембаев М. Қ., оның бауырлары және банктың бұрынғы топ-менеджментінің пайдансына шешім шығарады және шағымды мәнді түрде қарау үшін жеткілікті негіздердің болмауына байланысты Альянс Банктың шағымын қарастырудан бас тартады.
17 қаңтар 2012 жыл — Альянс Банк бірінші сатыдағы соттың шешімі бойынша Англияның Аппеляциялық сотына аппеляция ұсынады.
14 ақпан 2012 — Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Альянс Банктың өтініші қарастырусыз қалдыру туралы қаулы шығарады.
15 ақпан 2012 жыл — Алматы қ. Бостандық ауданының соты Алматы қ. Медеу аудандық сотының шешімі бойынша тағайындалған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 220 б. 1 т. бойынша жазадан босату туралы қаулы қабылдайды.
17 маусым 2012 жыл – Англияның Аппеляциялық сотында тыңдаулар басталды.
12 желтоқсан 2012 жыл – Марғұлан Сейсембаев Англияның аппеляциялық сотында Альян Банкты жеңеді. Сот Сейсембаев М. Қ., оның бауырлары және банктың бұрынғы топ-менеджментінің (барлығы 15 жауапкер) пайдасына шешім шығарып, қазақстандық Альянс Банкты жауапкерлердің барлық сот шығындарын өтеуді міндеттейді. Сонымен қатар, Англияның Аппеляциялық соты Сейсембаев М. Қ. және оның бауырларының бүкіл әлем бойынша активтеріне тоқтау салу туралы шешімді жойып, Альянс Банкке Англияның Жоғарғы Сотына шағымдануға тыйым салады.
қазан 2015 жыл - Asadel Partners Private Equity Fund (PEF) Kazakhstan/Ukraine Атқарушы серіктесі.
ақпан 2016 жыл -Nomad Explorer негізін қалаушы және команда жетекшісі.
сәуір 2016 жыл - "АлмалыЖұмақ" қоры Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы.
ақпан 2017 жыл - Asadel Venture Fund венчурлік қорының басқарушы серіктесі және инвестициялық комитеттің Төрағасы.
наурыз 2017 жыл - AlmaU университетінің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Акционер.
сәуір 2017 жыл -"Ақ бөкен"қоры Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы.
Ұстанымы:
- Проблеманы шешудің бір жолы - барлық жауапкершілікті өзіңізге алу.
- Менің қолға алған істерімнің ішіндегі ең сәтсіз шыққандары менің жан-тәніммен жақсы көріп, қалап алған жобаларым. Бұл ғашықтық сезімі сияқты басыңды айналдырады.
- Жоспарсыз барлық іс-әрекет босқа кетеді.
- Менің ұстанымым - бақытты өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, қоршаған ортаға пайдалы болу.