Тоқаев қазақстандықтарды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық балаларды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- "Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.