Шөкеев коронавирусқа сенбейтіндерге мәлімдеме жасады

Oinet.kz 28-05-2020 1019

Күн ысығанда кетеді деген коронаирус індеті керісінде мамырдың аяғына қарай күшейе түскен тәрізді. Дегенмен мамандар жағдайдың толық бақылауда екендігіне сендіріп бағуда.  Сақтық үшін Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  онлайн-брифингте мәлімдеді.

image.png

- «Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен жазылып отбасына оралды. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар бір-бірімен аулаларда бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыста жүр. Бұл дұрыс емес. Аталған вирус қазір облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап барады. Алдын алмасақ, салдары жаман болмақ. Балаларға жұққан ауру оның бойында білінбегенмен, үлкен қарияларға жұқса, оларға өте ауыр тиеді. Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек», - деді Ө. Шөкеев.

Талапқа мойынұсынбағандарға қатаң жазалануда.  22 мамырда карантиндік режимге қарамастан жолаушыларды жинап Түркістан қаласынан Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан автобусқа Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен тосқауыл қойылып, құзырлы органдармен тиісті шара көрілді. Сондықтан басқарма мамандары карантиндік режимді бұзбауға шақырады.

Айта кетерлігі, жолаушылар тасымалы қызметін жалғастырып жатқан көліктер облыс аумағынан шығарылмайды.Ол үшін Сауран және Шақпақ блок-бекеттерінде тосқауыл қойылған.

Облыс әкімдігі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік режим енгізілгенін, бүгінде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантиндік режим күшінде қалып отырғаны ескертуде.

Бұл ретте, Түркістан облысы аумағындағы көлік нысандарының (теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автобекеттер т.б.) қызметтері уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, халықаралық, республикаішілік бағыттар бойынша қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалымен айналысуға тыйым салынып отыр.

Терещенкоға тапа-тал түсте елді адастырды
«Ислам мемлекеті» қайта күшейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу