«Ислам мемлекеті» қайта күшейді

Oinet.kz 28-05-2020 1021

Осыменен шаруасы бітті деген «Ислам мемлекеті» қайтадан бас көтере бастады. Жуырда ұйымның мүшелері Ирактың солтүстігіндегі егістікті өртеп кеткен. Үкімет әскеріне, милицияға қарсы шабуылдар жасаған

image.png

«Ислам мемлекеті» осы әрекеті арқылы өзінің күш-қуатының әлі бітпегенін көрсетіп бағуда. Содырлар бұрыннан қолданылатын әдіс-тәсіл -халықты жаппай үрейлендіруді өте сәтті іске асыра бастады. 

АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция осыдан 14 ай бұрын Сирияның Дейр провинциясына «Ислам мемлекетінің» ең соңғы әскерін талқандаған болатын. АҚШ осы кездері арнайы операция барысында «халиф» Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көзін жойды. Бұл «Ислам мелекетіне» берілген ең соңғы және шешуші соққы болған сияқты еді. Алайда олай болмай шықты. 

Биыл қаңтарда Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде  «Ислам мемелкетінің» қайтадан қалпына келтірілгені айтылды. 

-«Ислам мемлекеті» әлемдегі ең мықты террорлық ұйым ретіндегі беделін сақтап қалды,-дейді сарапшылар. АҚШ-тың халықаралық коалициядағы өкілі Джеймс Джеффридің айтуынша, ұйымның құрамында 18 мыңға дейін содыр бар. Тероршылар қылмыстық жолмен табылған ақшалармен қаржыландырылады. 

Мамандардың пікірінше, «Ислам мемлекетінің» күрт күшеюінің басты себебі әлемде тараған коронавирус пандемиясы. Індетке  байланысты күрділердің қолындағы содырлар отырған түрмелердегі күзет әлсіреген. 

Шөкеев коронавирусқа сенбейтіндерге мәлімдеме жасады
Тоқаев қорғаныс министріне әскерилердің білім деңгейін көтеруді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу