Желіде Бейсен Құранбектің әкесінің әсерлі видеосы жарияланды (видео)

Oinet.kz 27-05-2020 7058

Instagram әлеуметтік желісінде танымал қазақстандық журналист Бейсен Құранбектің әкесі көрсетілген әсерлі видео пайда болды. Белгілі болғандай, бейнежазба журналисттің жаназасында түсірілген, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Видеода қайғыдан қан жұтқан қарияның ұлын ақтық сапарға шығарып салуға келген көпшілікке алғыс айтып жатқанын көруге болады. Орны толмас қазадан соң ет жүрегі езілген әке баласының жаназасында өз-өзін әрең ұстаған. 

- "Бірлік болсын. Әбден рахмет айтамын. Алланың нұры жаусын" - деді Абай мырза. 

- Бейсен Құранбектің әкесінің әсерлі видеосы көптеген желі қолданушыларын жылатты. Олар біртуар ұлынан айырылған қарияға басу айтып, оны барынша жұбатуға тырысқан. "Мықты болыңыз аға. Балаңыздың жатқан жері жайлы болсын" , "Мойымаңыз аға. Көпке үлгі болған перзент тәрбиледіңіз. Жаны жәннатта болсын" , "Алла сабыр берсін" , "Тектілік деп осыны айт. Өзегі өртеніп жатса да, ел алдына шығып алғыс айтып тұр" , "Ата сізге де күш берсін жаратушым. Бәріміз де қимаймыз" , - деп жазуда көпшілік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Өзі қайғыдан қан жұтып тұрса да, халыққа алғыс айтып тұрған БЕЙСЕН ағаның әкесі АБАЙ ата. Тектіден текті туады. Аллам сабыр берсін Сізге! Сізбен бірге бүгін аспан да жылап тұр, АТА!

Жұмыскерлердің еңбек құқығы басты назарда
Түркістан: Аудандарда салынған жолдардың сапасы - басты бақылауымызда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу