Түркістан: Аудандарда салынған жолдардың сапасы - басты бақылауымызда

Oinet.kz 27-05-2020 752

Screenshot_1.jpg

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті «Сапалы жол» жобалық кеңсесі аясында Бәйдібек ауданындағы мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасына кешенді мониторингтік жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты - автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен жаңа төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту. 

Жолдардың сапасын зерделеу жұмыстарына ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, Департаменттің аға офицері Ақтөре Талғатұлы, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Сансызбайұлы, Арнайы мониторингтік топ мүшелері,  Бәйдібек ауданының әкімдігі мен аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының сарапшылары, облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары мен жауапты мердігер компанияның басшылары, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен  БАҚ өкілдері белсене қатысты.  

Кешенді мониторинг жұмыстары барысында Бәйдібек ауданына қарасты Шалдар және Бәйдібек ата ауылындағы жол құрылысының талаптары толық тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальт бетон жамылғысынан сынама алынды. 

Бір күндік зерделеудің нәтижесінде, Екпінді - Шаян облыстық деңгейдегі және Шалдар ауылы аудандық маңызы бар жолдың төселімі сметалық құжатқа сай келетіні, ал Бәйдібек ата ауылының сапасы сай келмейтіндігі анықталды.

Жаңа салынған жолдардан бірқатар ақаулар  байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныс білдірді. 

Айта кетсек, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары тұрақты бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар аудан тұрғындарының арыз-шағымдары негізінде жүйелі түрде жүргізіліп тұратын болады.

Желіде Бейсен Құранбектің әкесінің әсерлі видеосы жарияланды (видео)
Түркістан: Халықтық - кеңселер азаматтардың игілігі үшін қызмет етуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу