Тоқаев: «Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қажет»
Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет, - делінген жазбада.
Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет.
Қазақстанда індет басталғалы коронавирусты осы сәтке дейін 8969 адам жұқтырған. 4 352 адам жазылды. 35 адам көз жұмған.