Атырауда жоғалған 1,5 жасар бала табылды
Атырауда жоғалған 1,5 жасар баланың өлі денесі табылды - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Баланың денесі үйдің маңындағы септиктен табылғаны белгілі болды
Еске салайық, мұның алдында Атырауда 1,5 жасар баланың жоғалғаны хабарланған болатын. Бала 20 мамыр күні сағат 13.30-да шыққан күйі оралмаған еді.